Жарияланған күні: 04.08.2015 15:40
Өзгертілген күні: 04.08.2015 15:41

Кеден одағының кеден аумағына автомобиль және теміржол көлігімен тауарларды шеттен әкелу кезінде міндетті алдын-ала ақпараттандыру

                      

Рұқсатнама пункті арқылы көлік құралдарын орналастырудағы уақытты қысқарту мақсатында, Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс бағытының перспективасының бірі, СЭҚ қатысушылардан алдын ала ақпараттандыруды енгізу болып табылады.

 «Кеден одағының кеден аумағына автомобиль көлігімен әкелінген тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы  09 желтоқсандағы №899 Шешімі  2012 жылдың 17 маусымынан бастап күшіне енуіне байланысты, Қазақстан Республикасының кеден органы аталған шешімді жүзеге асыруға кірісті.

Қазақстан Республикасының кеден органдары Web-порталының (pi.customs.kz) көмегімен мүдделі тұлғалар үшін алдын-ала ақпараттандыру қабылдауы ұйымдастырылған.

СЭҚ барлық қатысушылары үшін шексіз алдын-ала ақпараттандыруды ұсыну үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web-порталы ашылды. Сол себептен порталға кіру рұқсаты пайдаланушыларды әдеттегі тіркеу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web-порталы «Кеден одағының кеден аумағына теміржол көлігімен бірыңғай әкелінген тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №196 шешіміне сәйкес, 2014 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді, теміржол көлігімен орналастырылған тауарларға қатысты алдын-ала ақпараттарды ұсыну мүмкіндігі бар.

Кеден транзитінің кедендік рәсімімен тауарларды келу орнына орналастыру үшін белгіленген көлемде ақпараттарды алдын-ала ұсыну кезінде, транзиттік декларация сапасында пайдаланылатын құжаттардағы алдын ала ұсынылған ақпараттар мен мәліметтердің алшақтықтары жоқ болған жағдайда транзиттік декларациялардың электрондық көшірмелері сапасында алдын ала ақпараттандыру ұсыну пайдаланылады.

Сонымен қатар, кеден транзитін қағаз тасымалдағыштан басып шығару талап етілмейді, бұл «Кеден транзитін тіркеу және кеден транзитінің кедендік рәсімін аяқтау, ұсынумен байланысты Кеден органының кедендік операцияларын іске асыру тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы  17 тамыздағы №438 Шешімінің нормаларымен қарастырылған, көліктің транзиттік декларациялары мен коммерциялық құжаттары сапасында пайдалану тәртібі мен мүмкіншілігі анықталған.