Жарияланған күні: 20.09.2016 10:08
Өзгертілген күні: 05.02.2020 10:29

 

«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру» мемлекеттің көрсетілетін қызметі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
  1. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен
  2. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен
  3. Электронды кілт болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензиясын беру қызметалушының тіркеу орнына байланысты беріледі.
 
Көрсетілетін қызметті алушы не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  1. Лицензияны алу үшін:
    1.   1 немесе  2-қосымшаларға сәйкес лицензияны алу туралы өтініш;
    2.  «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
    3. Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі - осы шарттарды бір жылдан кем мерзімге жасасқан жағдайда;
    4.  3-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізу қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
  1. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
    1.  4 немесе  5-қосымшаға сәйкес өтініш;
    2. «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжатт;
    3. лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
  2. Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда:
    1. еркін нысандағы өтініш;
    2. «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
Алымның сомасы белгіленген мөлшерде есептеліп жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалармен өзінің тіркелу орнына байланысты лицензиярға тиеселі құжаттарды тапсырмас алдында бюджетке төлейді:
  1. лицензияны беру кезінде – 100 АЕК;
  2. лицензияны қайта ресімдеу кезінде –10 АЕК
  3. лицензияның телнұсқасын беру кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
2019 жылға АЕК- 2 525 теңге.
СБК: 105402
АТК: 911
ИИК: KZ24070105KSN0000000
БИК: KKMFKZ2A
КБЕ: 11
Бенефициардың банкі: ММ «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті»
Мемлекеттік кірістер басқармасының БСН-і: 
Алматы ауданы бойынша: 981140001105
Сарыарқа ауданы бойынша: 981140001115
Есіл ауданы бойынша: 081240013779
Байқоныр ауданы бойынша: 180840019420
  • Лицензия, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы – 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;
  • лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
  • лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
  • Егер лицензиярға лизенцияны алынғанға немесе тиеселі құжаттарды қайта тапсырғанға дейн бас тартпаса, лицензияның алым сомасы қайтарылмайды.
  • 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап алкоголь өнімін көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер міндетті түрде ақпаратты жіберу және орнықтыру бақылау кассалық машиналарын тіркеу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Республика данғылы, 52 үй, 411 бөлме, тел. 77-33-06 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөліміне хабарласуды сұраймыз.

Құжаттар тізімі

Қайта рәсімдеуге өтініш

Лицензия алуға өтініш