Жарияланған күні: 01.11.2019 10:58
Өзгертілген күні: 01.11.2019 10:59
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2019 жылғы 23 қыркүйекете мақұлданғандығын хабарлайды.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 12-жолы басқа жаңа қызметке ауыстырылды). Сәйкесінше аталған өзгерістердің қолданысқа енгізілуінен кейін азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілуін болдырмау қажет.
Осылайша, барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.