Жарияланған күні: 05.05.2023 12:32
Өзгертілген күні: 05.05.2023 12:34

Пилоттық жобаға қатысу үшін тек e-Sales Business мобильді қосымшасын жүктеп алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.

Салық органдары арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, Салық кодексінің 2-1-параграфында көрсетілген арнайы салық режимін әзірледі. Осы қосымшаға сәйкес жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын дара кәсіпкер өзінің салықтық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін мобильді қосымшаның негізінде орындайды.

Жеке табыс салығының сомасын салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшерінде есептеледі.

Бұл мобильді қосымша жеке кәсіпкердің қызметі бойынша салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР ҚМ МКК интернет-платформаларын пайдалана отырып, такси және курьерлік жеткізу қызметтерін көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін "eSalyq Business"мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін пилоттық жоба іске қосылады.