Жарияланған күні: 11.05.2023 17:21
Өзгертілген күні: 11.05.2023 17:25

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде 100 млн. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты, сондай-ақ 1 құйма тазартылған алтынды заңсыз әкету әрекетін анықтады.

Мысалы, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген іс – шаралардың нәтижесінде "Астана-Анталия" әуе рейсін тексеру кезінде 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасында декларацияланбаған қолма-қол ақшасы табылған азамат тоқтатылды.

Астана қаласы бойынша МКД жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге, сондай-ақ тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынатыны туралы еске салады.

Бұл ретте мұндай бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделеді.