Жарияланған күні: 24.07.2017 14:47
Өзгертілген күні: 25.07.2017 09:31

2017 жылдың 21 шілдесінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, «Центральный Дом Бухгалтер» ЖШС-нің кәсіби салық кеңесшілерімен ынтымақтастық негізінде Елордамызда «2017 жылдың 1 шілдесіндегі Салық заңнамасындағы өзгерістер» бойынша түсіндіру бағытындағы семинар өткізді.

Семинар барысында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Салық кодексіндегі негізгі енгізілген өзгерістер бойынша және Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру мен 200.00 және 910.00 салық есептілігінің нысандарына сәйкес өзгерістеріне байланысты шолу жасалынды.

Сондай-ақ, іс-шарада Салық кодексіндегі салықтық тексерулер бойынша тақырыптарға қатысты өзгерістер талқыланды.

Кәсіби бухгалтер А.Вдовченко «Центральный Дом Бухгалтер» ЖШС-нің кәсіби салық кеңесшілерімен электрондық шот – фактураларды іс жүзінде қолдануда бухгалтерлік есеп жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірді.

GRATA INTERNATIONAL Кеңесшілері Әділбеков К. және Шолимова А. салықтық бақылау мен нәтижесіне шағымдану туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Мамандандырылған сот алқасының (инвестициялық дауларға) байланысты сөз сөйледі.

Бұл іс-шараға 1 145 адам қатысты, салық төлеушілер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріледі.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті