Жарияланған күні: 10.01.2018 15:04
Өзгертілген күні: 10.01.2018 15:05

2018 жылдың 1 қаңтарына астананың

мемлекеттік бюджеті 102,2% орындалды

        

         Елорданың мемлекеттік кірістер органдары 2017 жылға алға қойылған жоспарды орындап, сонымен қатар бағдарламаны максималды түрде орындау іске асырылды.

         Жергілікті бюджетке түсімдерінің өсу қарқыны қаланың экономикасының өсу қарқынынан ұлғаюы маңызды болып табылды.

         Сондай-ақ, 2017 жылдың жоспарлы түсімдері 21,0 млрд.теңгеге (102,2%) аса орындалды немесе 990,0 млрд.теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджет 16,6 млрд.теңгеге (102,3%) аса орындалды немесе 746,0 млрд.теңге түсті, жергілікті бюджетке 244,0 млрд.теңге түсті немесе жоспардың 4,5 млрд.теңгеге аса орындалуы (101,9%) көрсетілді.

         Оң нәтижеге жетуге бақылау-профилактикалық іс-шаралар, уәкілетті органдармен өзара қарым қатынас, фискалдық әкімшілендіру арқылы сонымен қатар көленкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар мүмкіндік берді.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті