Жарияланған күні: 27.11.2019 18:27
Өзгертілген күні: 27.11.2019 18:28
Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға және пайдалануға байланысты және бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін» мемлекеттік қызметі қысқартылады.           
Осыған орай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық цифрлық қолтаңба берілмейді.
Салық төлеушілерге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жарамдылық мерзімі бар электрондық цифрлық қолтаңбаны Ұлттық куәландырушы орталығына жүгіну арқылы ауыстыруға болатынын мәлімдейді.
 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті