Жарияланған күні: 12.12.2023 10:32
Өзгертілген күні: 12.12.2023 10:33

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) қолдану мерзімі аяқталатынын еске салады.



БЖТ енгізудің негізгі мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыруға тарту болды.



БЖТ күнтізбелік жыл ішінде табысы 1175 АЕК-тен аспайтын төлем төлеген, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызмет көрсететін және басқа жеке тұлғаларға жеке шаруашылық өнімдерін сататын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған.



Бұл ретте, бұл төлемді жаңа жылдан бастап төлейтін тұлғалар келесі шарттарды орындаған жағдайда келесі салық режимдерінің бірін таңдай алады:

▪ Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (АСЖ);

▪ Патент негізіндегі АСЖ;

▪ Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен АСЖ;

▪ Бөлшек сауда салығы бойынша АСЖ.



Бұл ретте жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылмай, жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 мөлшерінен аспаса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға болады.