Жарияланған күні: 06.01.2022 17:28
Өзгертілген күні: 06.01.2022 17:42

Құрметті пайдаланушылар!

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет)

31.12.2021 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:30-нан

бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден органдарымен ЕАЭО шекарасы арқылы тауарлардың нақты әкетілгенін

растау бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл тоқтатылғанын сіздердің назарларыңызға жеткізеді. Мынадай ақпараттық жүйелермен ЭШФ АЖ-мен, «НК «ҚТЖ «ҰК» АҚ-мен (КҚКД /ПБВ), ХҚКО АЖ, Таңбалау АЖ, ЕАЭО елдерімен ХТКҚ, ЖПАКҚ-ын уақытша әкелу бойыша интеграция тоқтатылды.

Қазіргі уақытта Комитет ақпараттық өзара іс-қимылды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жүйені қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.

         Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!