Жарияланған күні: 05.05.2023 12:36
Өзгертілген күні: 05.05.2023 12:37

Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.