Жарияланған күні: 24.08.2016 15:02
Өзгертілген күні: 24.08.2016 15:03

«Акцизді тексер де Ұтыс ал» науқаны!

 

Ағымдағы жылдың 1-шілдесінен Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен «WIPON» отандық тегін мобильді қосымша өндірушілерінің бірлескен «Акцизді тексер де Ұтыс ал» науқаны басталды. Науқанға қатысу үшін «WIPON» қосымшасын жүктеп, алкоголь өнімдері босатылатын кез келген орында өнімнің есептік-бақылау (акциздік) маркасын сканерлеу жеткілікті. Науқан шарты бойынша ай сайын үш жүлдегер анықталады.

Бұл ретте, 22-тамызда «Акцизді тексер де Ұтыс ал» науқанының алғашқы жүлдегері болып қала тұрғыны Ли Виктория анықталған болатын және сыйлық ретінде теледидарға ие болды.

Бұл ретте, қала тұрғындарын «Акцизді тексер де Ұтыс ал» науқанына белсенді қатысуға шақырамыз!