Жарияланған күні: 30.10.2019 17:10
Өзгертілген күні: 30.10.2019 17:11
Мемлекеттік кірістер департаменті, «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алуқағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары–Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 236 бұйрығының қабылданғанына байланысты, келесіні түсіндіреді.
Негізгі өзгерістер:
Көрсетілетін қызметтердің сапасын, тиімділігін арттыру мақсатында алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын және темекі бұйымдарына акциздік маркаларын беру жөніндегі қызметтерді аутсорсингке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкноттық фабрикасы» РМК-ға (бұдан әрі – Банкнот фабрикасы) беру ұсынылды.
ЕБТ және акциздік таңбаларды алушылар алкоголь өніміне есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды дайындауға, алуға өтінімдерді "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы "Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының есепке алу-бақылау таңбаларын, акциздік таңбаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жібереді.
Алушыларға алкоголь өніміне ЕБТ немесе темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру кезінде өнім беруші ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жүкқұжатты ресімдейді.
Өтінімдерде, есепке алу-бақылау таңбаларын алуға арналған өтініште және акциздік таңбаларды алуға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін ЕБТ және акциздік таңбаларды алушылар жауапты болады.
Пайдаланылмаған және (немесе) бүлінген ЕБТ немесе акциздік таңбаларды алушылар мемлекеттік кіріс органына қайтаруға жатады. Бұл ретте ЕБТ немесе акциздік маркалар үшін төленген ақша қаражаты қайтарылмайды.
Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені (бұдан әрі – міндеттеме) төлеуді қамтамасыз етуді тіркеуді облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша Мемлекеттік кіріс органдары "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы "республикалық мемлекеттік кәсіпорнының есепке алу-бақылау таңбаларын, акциздік таңбаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру"ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.