Жарияланған күні: 11.03.2024 17:16
Өзгертілген күні: 11.03.2024 17:19

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін:

арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны:

оңайлатылған декларация негізінде – 30 адамнан;   

тіркелген шегерімді пайдаланумен – 50 адамнан аспайтын;  

Арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын.