Жарияланған күні: 30.10.2019 17:02
Өзгертілген күні: 30.10.2019 17:03
Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекітілген.
Арнайы инвестициялық келісімшарт өтініш беруші мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда жасалады:
1) өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтартуралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА)қатысушысы ретінде тіркелгенде;
2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелгенде;
3) өтініш берушімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасалғанда.
АЭА басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі.
АЭА қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оны жасау үшін өтініш беруші АЭА басқарушы компаниясына АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті береді.
АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттар:
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
5) заңды тұлғаның жоғары органының АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
6) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас есепші (есепші) қол қойған, соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
7) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі.
Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласында АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берілген кезде жобаның негіздемесі қоса беріледі;
8) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
9) тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы қоса беріледі.
Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын айқындауға құқылы.
АЭА-да немесе жекелеген АЭА-да еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Уәкілетті орган арнайы инвестициялық келісімшарт жасасуға мынадай негіздерде бас тартады:
1) өтініш берушімен толық емес құжаттар топтамасын ұсыну;
2) өтініш берушімен дәйексіз мәліметтерді ұсыну;
3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 5-тармағымен белгіленген шарттарына сәйкес келмеуі.
 Арнайы инвестициялық келісімшарт қолданысы мынадай жағдайларда бұзылады:
1) арнайы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі немесе мерзімнен бұрын АЭА қатысушысы, бос қойманың иесі ретінде тіркеуден бас тарту кезінде, заңды тұлғамен жасасқан моторлы көлік құралдарын жинау өнеркәсіп туралы келісімдерді бұзған жағдайда заңды тұлғамен жасасқан арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу үшін негіздеме болып табылатын, моторлы көлік құралдарын жинау өнеркәсіп туралы келісімдерді осындай заңды тұлғамен міндеттемелерді орындамаған жағдайда бұзу, оның ішінде бос қойма иесімен жасасқан моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімді, осындай келісімдерде көрсетілген мідеттемелер;
2) заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде;
3) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодекстің 531,534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553-баптарында көзделген заңды тұлға инвестициялық преференцияларды алу үшін арнайы инвестициялық жоба шеңберінде орындауға қажетті Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда.
Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және (немесе) бұзылуы туралы хабарлама уәкілетті органына арнайы инвестициялық келісімшартты тіркелген күннен бастап және (немесе) бұзу туралы шешім қабылданғанда бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті кеден ісі cаласындағы органына жіберіледі.