Жарияланған күні: 22.11.2019 11:18
Өзгертілген күні: 22.11.2019 11:33
2019 жылғы 16-20 қараша аралығында Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен ФМО техникалық қызмет көрсету орталықтарының өкілдерімен бірлесіп «Артем», «Астаналық» және «Биг Шанхай» базарларында патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн-кассалық аппараттарды міндетті түрде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдану туралы сауда-саттықпен айналысатын жалдаушылармен семинар өткізді.
Кездесу барысында семинарға қатысушыларға онлайн-кассалық машиналарды қолдану бойынша жұмыстарды, салық заңнамасының нормаларын, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданудың артықшылықтарын және т.б. түсіндірілді. Кәсіпкерлердің семинар кезінде қандай салық режимін анықтауға және қолданылатын режим туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органының қызметкерлеріне жіберуге, сондай-ақ онлайн-кассалық аппараттарды өз бизнесінде қайсы ыңғайлы болатындығын өздері шешуге мүмкіндігі бар.
Осындай жұмысты басқа аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары сауда үйлері мен қалалық базарларда да жүргізуде.