Жарияланған күні: 15.02.2018 17:54
Өзгертілген күні: 16.02.2018 10:04

2018 жылдың 15 ақпанында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінде "Ашық есік күні" науқаны Астана қаласы, Желтоқсан көшесі 43 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратында өткізілді, халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында заңды және жеке тұлғалардың экономикалық қылмыстар саласындағы өтініштерін қарау бойынша қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Науқанды өткізу барысында азаматтарға тиісті түсініктемелер беріліп, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

Мемлекеттік кірістер органдарының басым бағыттарының бірі азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.