Жарияланған күні: 13.09.2017 10:44
Өзгертілген күні: 13.09.2017 10:44

2017 жылдың 08 қыркүегінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының шілде айының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Бірінші орынды - Махабат «Panasonic» сымсыз телефонын иеленді.

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының екінші жеңімпазы - Мұратбек Октябрятовичке бұйырды.

Үшінші бағалы сыйлық Кәусар Серікқызына берілді.

Ең көп түбіртектерді жіберуіне байланысты Аскат науқанның белсенді қатысушысы ретінде жұбаныш жүлдесін алды.

Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.