Жарияланған күні: 10.11.2017 16:47
Өзгертілген күні: 10.11.2017 16:48

2017 жылдың 09 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының қазан айының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Бірінші орынды - Олеся сыйлық ретінде үтікті алды.

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының екінші жеңімпазы - Тотыға бұйырды.

Үшінші бағалы сыйлық Роза Нұржановаға берілді.

Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.

Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.