Жарияланған күні: 11.12.2017 15:02
Өзгертілген күні: 11.12.2017 15:04

2017 жылдың 08 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының қараша айының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады. Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Жүлделі бірінші орынға - ID нөмірі 5607863 қатысушы ие болды;

Екінші жеңімпаз ретінде – ID нөмірі 5866020 қатысушы анықталды.

Үшінші орын - ID нөмірі 5543058 қатысушыға бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың желтоқсан айында науқанның қорытынды ұтыс ойыны өтеді және бас жүлде - автокөлік ойнатылады.