Жарияланған күні: 11.07.2016 16:00
Өзгертілген күні: 11.07.2016 16:03

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасы бойынша «Акцизді Тексер – Жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды.

Науқан 1 шілдеден бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі.

Осы науқанның негізгі мақсаты алкогольдік өнімдердің көлеңкелі айналымға қарсы күресуде азаматтық белсенділікті арттыру болып табылады.

Акцияны өткізу кезінде қатысушыларға тегін "Wipon" ұялы қосымшасы ұсынылады. Қосымша ЕАМ штрих-кодты сканерлеу арқылы ЕАМ түпнұсқалылығын тексеру функционалымен жабдықталған болады.

Қатысушылардың және ЕАМ тексеріс саны шектелмеген.

Акция жеңімпаздары ұтыс купонын кездейсоқ тандау арқылы анықталады.

Толық ақпарат astana.kgd.gov.kz сайтында.

Акцияға қатысуға құқылы емес: департамент жұмыскерлері; "Wipon" ұялы қосымшасын әзерлеуші компания «Вайпоинг» ЖШС жұмыскерлері.