Жарияланған күні: 30.11.2019 10:53
Өзгертілген күні: 30.11.2019 10:57
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр және Сарыарқа аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 27.11.2019 жылы «Ақжол», «Алаш» және т.б. сауда үйлерінде патенттен басқа режимге көшу және фискалдық деректерді беру функциясы бар бақылау - кассалық машиналарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметі қолма-қол есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын барлық салық төлеушілер онлайн кассалық аппараттарды, соның ішінде патент бойынша жұмыс істейтіндерді пайдалануы тиіс.
Онлайн кассалық аппарат құны шамамен 60 мың теңге, - дейді мамандар. Бұл ақша белгіленген жеңілдік есебінен кәсіпкерге қайтарылады.
2019 жылы онлайн кассалық аппараттарды сатып алған барлық кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын азайту түріндегі жеңілдіктер. Сомасы 60 мың теңге мөлшерінде, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын бір кассалық аппаратты сатып алу құнына есептелген.
Салық органының  мамандары бүгінде онлайн кассалық аппараттың баламасы барын хабарлайды. Web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар. Салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметіне пайдалану үшін лайықты кассаның моделін өз таңдауға құқылы. Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттік бақылау кассалық машиналардың  реестрі kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналыстырылғаны туралы хабарлаймыз.
Салық қызметінің мамандары онлайн кассалық аппаратқа ауыстыру арқылы кәдімгі бақылау-кассалық аппараттарды есептен шығару туралы ескертеді, және  бүгінде қызметін тоқтатқан барлық кәсіпкерлерге бизнесін және кассалық аппараттарын жабуға шақырады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «патент иелері» БКМ міндетті түрде онлайн қолдануы немесе БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген мобильдік қосымшаларды пайдалануы тиіс екенін білу маңызды.
Жыл аяқталуын күтпестен басқа режимге көшу және онлайн БКМ орнату туралы хабарламаны ұсыну туралы еске саламыз.
 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті