Жарияланған күні: 04.12.2023 10:21
Өзгертілген күні: 04.12.2023 10:23

2023 жылғы 29 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіңде Әдеп жөніндегі уәкіл, департамент басшысының орынбасары К.М.Есембековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау, салық әкімшілендіру жүргізу кезінде бұзушылықты жібермеу және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық мемлекеттік басқармалар үшін «Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну», «Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидалары» тақырыбында онлайн-форматта семинар өткізілді. Семинарға қатысушыларға, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 2 қарашадағы №396 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну бойынша енгізілген толықтыру және әзірленген Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріндегі департамент қызметкерлерінің есептік жазбаларын бақылау Регламенті жеткізілді.