Жарияланған күні: 17.07.2018 16:19
Өзгертілген күні: 17.07.2018 16:23
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ Заңының 13-тармағының 17) тармақшасына сәйкес 411-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды:
 «Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал;
ҚҚСер 2 = ҚҚСеж – ҚҚСер 1, мұнда:
ҚҚСер 1 – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін (300.00 ныс. 300.00.025 жол.);
ҚҚСеж – осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін (300.00 ныс. стр.300.00.023 жол.);
А сс – осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы статьей (300.00 ныс. 300.00.006 I жол.);
А жал – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы (300.00 ныс.  300.00.06 жол.);
ҚҚСер 2 – өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін (300.00 ныс. 300.00.026 жол.).
Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 408 және 409-баптары ескеріле отырып айқындалады.
Өзге де айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен айқындауға құқылы.».
Бұл толықтыру қолданысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген.