Жарияланған күні: 30.10.2019 17:17
Өзгертілген күні: 30.10.2019 17:23
Айналымның мөлшерiн түзету Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 43 тарауының 383 бабымен белгілінген.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері белгілі бір жаққа өзгерген кезде, ол жасалған күннен кейін айналымның мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Мынадай жағдайдарда түзетулер жүргізіледі:
1) тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкелуді қоспағанда, бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн баға, өтемақы өзгерген жағдайларда түзету жүргізіледі. Осы тармақшаның ережесі шарттың талаптарын негізге ала отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті) қолдануға байланысты, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төлеуге жататын құны өзгерген кезде де қолданылады;
4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалған;
5) салық Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыс қайтарылған;
6) нәтижесінде айналым мөлшерінің өзгеруі болатын өзге де жағдайлар басталған жағдайларда түзету жүргізіледі.
Осы баптың ережелері қателерді түзету нәтижесінде салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшері өзгерген жағдайда қолданылмайды.
Салық төлеуші айналымының мөлшерін түзету солардың негізінде салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшері өзгертілетін құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерін түзету сомасыСалық Кодекстің383 баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге тура келетін салықтық кезеңнің салық салынатын (салынбайтын) айналымына енгізіледі. Мұндай күн түзету сомасына айналымды жасау күні болып табылады.
Салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерін азайту жағына қарай түзету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерінен аспауға тиіс.
Салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту жағына қарай түзету кезінде осындай айналым бойынша қосылған құн салығының сомасы Салық Кодекстің 383 баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша айқындалады.