Жарияланған күні: 15.05.2019 09:42
Өзгертілген күні: 15.05.2019 09:53
2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.
Аталған Бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ)  қолданатын  қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.
2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі:
2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);
2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);
2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады).
Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.
Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн.
         Жоғарыда көрсетілген бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін анықтайтынын атап өтеміз.
         БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.
         ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.
         Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:
         1) жеке тұлғалар
         2) адвокаттар мен медиаторлар
         3) қызметін:
         патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;    
         ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін;
         бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;
         4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
         5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
         6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.