Жарияланған күні: 20.06.2016 18:35
Өзгертілген күні: 22.06.2016 14:34

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – адал кәсіпкерлікті қолдау мен жағдай жасау.

Кездесу барысында өзара іс-қимыл екі тараптар арқылы үнемі өткізіліп тұрады, дегенмен, қалыптасқан қарым-қатынасты тағы да жақсарту әлеуеті жоғары екендігі атап өтілді. Сондықтан көптеген кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі бүгінгі талқылау мүлдем жаңа деңгейде өтті.

Мемлекеттік кірістер Департаментінің құқық қорғау өкілдері блогының бөлімшелерінің басшылары, Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының тәуелсіз кәсіпкерлер Қауымдастығының мүшелері кездесудің негізгі қатысушылары болды.

Елорда департаментінің басшысы Ә.Сқақов пен кәсіпкерлер Палатасының директоры Ғ.Тасмағамбетов кәсіпкерлік пен мемлекет арасындағы қатынасты қайта жаңартып отыру қажеттілігі туралы айтылды. Диалог барысында тараптардың көптеген қатынастары жақсы жағына өзгерді, құқықтардың бұзылуының алдын алуға бірлесіп жұмыс жасауға назар аудару қажет.

Заңсыз кәсіпкерлік - бәсекелестікті тежейді, осы орайда заңсыз бизнес масштабын қысқартуда бірлескен күш-жігер қажет. Тараптар негізгі міндет адал бизнесті қорғау қажеттілігіне баса назар аударды. Адал кәсіпкер салықтар мен міндетті төлемдерін мерзімінде орындап, осылайша, мемлекеттің дамуына үлкен үлесін қосады.

Өз кезегінде, елордалық мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы кәсіпкерлікті әкімшілендіруде құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аударылатынын және тексерулер санын қысқарту қажеттігін қолдайтынын атап өтті.

Астаналық кәсіпкерлер Палатасы өз тарапынан, өз мүшелерінің көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет етіп, адал кәсіпкерлер қызметін дамытуға арналған алаң құруда бірлескен шараларды әзірлеуге ықпал ететінін алға тартты.

Тараптар екі жақты ынтымақтастық ұсыныстар әзірлеуде, салық және кедендік реттеу ҚР Кодексіне байланысты бірлескен конференциялар, семинарлар мен жұмыс топтарын келешекте бірлесіп өткізуге бекінді. Осы жұмыс тобының атқарған жұмыстарын үнемі БАҚ-та жариялап, халыққа ақпаратты дер кезінде ұсынуға уағдаласты.