Жарияланған күні: 14.03.2018 09:45
Өзгертілген күні: 14.03.2018 11:30
Құрметті журналистер!
 
Сіздерді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2017 жылғы және 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында атқарылған қызмет қорытындысына арналған брифингке шақырамыз. Жаңа Салық кодексі және салықтық жүктемесі аясындағы Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамалары. Тері бұйымдарын таңбалау.
Спикерлер:
Әділбаев Қанат Серікханұлы - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (салық блогы);
Басқарма басшылары:
Омаров Фархат Сағындықұлы - Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы;
Хамбаров Руслан Геннадьевич - Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы;
Махметов Аслан Аманұлы - Камералдық бақылау басқармасы;
Асхатов Рафкат Ангасынович - Кедендік бақылау басқармасы;
Ахметова Рашида Наурызбекқызы - Аудит басқармасы;
Биқадамова Гүлбаршын Тілеуғазықызы – Заң басқармасы;
Баймағамбетова Сауле Кеңесқызы - Түсіндіру жұмыстары басқармасының басшылары брифингте қатысады.
 
Өткізу күні және уақыты: 2018 жылдың 15 наурызы; сағ.:15:00-де
Өткізілетін орны: Астана қ., Республика д-лы 52, 5-қабат, Конференц-зал
БАҚ-ты Аккредиттеу: 8 (7172)-39-72-38;  8 707 945 13 85 телефондары бойынша және dgdastana-52@mail.ru, Zhmantaev@astana.mgd.kz  электрондық мекен-жайлары бойынша 14 наурыз сағат 21.00-ге дейін жүргізіледі.
 
 
 
А Н Ы Қ Т А М А (келесідей мәселелер қарастырылады):
  1. Жаңа Салық кодексі және салықтық жүктемесі аясындағы Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамалары.
Салыстырмалы түрде аз мөлшердегі жалақыға жұмыс істейтін қазақстандықтарды қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық жүктемесін 10 есеге дейін азайтуды, яғни 1% мөлшері ұсынылған болатын.
Президент табыс салығынан босатылған қаражатты олардың нақтылы еңбекақыларын ұлғайтуға бағыттауды ұсынды.
2. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексі күшіне енді, бұл заңнамалар іскерлік белсенділікті ынталандыру тетігін жетілдіруді, салықтық және кедендік әкімшілік етумен салық заңнамасы мен кедендік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған.
Жаңа Салық кодексінде - жаңа қағидатқа негізделіп жаңа нормалар енгізіледі, салық төлеушілерге қатысты түсіндірудегі даулы мәселелер адал салық төлеушінің пайдасына шешіледі.
3. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, пилоттық жобаның шеңберінде тері бұйымдарын таңбалау жұмыстары басталды.
4. 2017 жылғы және 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында атқарылған қызмет туралы қысқаша ақпарат.
2017 жылғы Мемлекеттік бюджет жоспары 102,2% орындалды, жоспар бойынша 968,9 млрд. теңгенің 990,0 млрд. теңге бюджетке түсті, оның ішінде республикалық бюджет (РБ) – 102,3% (жоспар – 729,5 млрд. теңге, факт – 746,0 млрд. теңге), жергілікті бюджет (ЖБ) – 101,9% (жоспар - 239,5 млрд. теңге, факт – 244,0 млрд. теңге).
5. Резервтік көздері. Салық төлеушілерді әкімшілендіру іс-шараларының есебінен «нақтылы ақшамен» Республикалық бюджетке салықтардың 28,0 млрд. теңге қосымша түсуі қамтамасыз етілген,
6. Мемлекеттік қызметтер. Қызмет көрсету сапасын арттыру стратегиялық даму мақсаттары салық қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
2017 жылы барлығы 1 977 099 қызметтер көрсетілді, оның ішінде электронды түрде - 1 775 875 немесе 90%, қағаз - 201, 224-і немесе 10% қызметтер көрсетілген.
Бүгінгі таңда пилоттық жобаға сәйкес қызмет көрсету орталығы 09:00-ден бастап 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.