Жарияланған күні: 15.12.2023 11:28
Өзгертілген күні: 15.12.2023 11:31

Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 51 750 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.



Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.



Жыл ішінде бірінші рет салық объектілерін жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзушылық үшін – 300% айыппұл салынады.



Барлық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде (https://kgd.gov.kz/ru/content/ vseobshchee-deklarirovanie-1-2) орналастырылған, оның ішінде декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулар, Қазақстан Республикасындағы активтеріңізді тексеру бойынша бейне нұсқаулықтар бар.