Жарияланған күні: 01.02.2024 10:50
Өзгертілген күні: 01.02.2024 10:57

Жеке кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қызметтің 33 түрінің біреуін немесе бірнешеуін (такси, курьер, жылжымайтын мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті, құрылыс жұмыстары, техниканы жөндеу, шаштараз қызметі және т. б.) жүзеге асыратын, қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын дара кәсіпкерлер үшін ең қолайлы режим «E-Salyq Вusiness» арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимі болып табылады, бұл қосымша 2022 жылдан бастап жұмыс істейді, пайдаланушылар саны 312,5 мыңды құрайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. «E-Salyq Вusiness» мобильді қосымшаның ыңғайлылығы мынада: - дара кәсіпкер ретінде тіркелуге болады;  -бақылау-касса машинасының (БКМ) чектеріне тең келетін чектерді беру, тиісінше БКМ сатып алудың қажеті жоқ;  - алынған кірістерді автоматты түрде есепке алуды жүргізу және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу (кірістер тізілімі); - салықты (кірістің 1%) және әлеуметтік төлемдерді есептеу; - декларация тапсыру бойынша міндеттемелер жоқ.