Жарияланған күні: 30.10.2019 17:40
Өзгертілген күні: 30.10.2019 17:43
Салық кодексінің 1 тармағының 412 бабына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) Салық кодексінің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) Салық кодексінің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.
6) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруы кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.
Экспедиторлар – бұл тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жүктерді мақсатқа сай тасымалдауды қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар немесе ұйымдар.
Салық кодексінің 1 тармағының 412 бабына сәйкес көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралар негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжат негізінде жазып береді.
Электрондық шот-фактуралар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына сәйкес жазылып беріледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 280-1 быбының 1 және 2 тармақтарына сәйкес салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда жазып бермеуі ескерту жасауға әкеп соғады. Ескерту бойынша әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.