Жарияланған күні: 17.09.2018 18:43
Өзгертілген күні: 17.09.2018 18:45
2018 жылдың 13 қыркүйек күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуын жария ету шеңберінде салық заңнамаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға барысында 54 салық төлеушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Салық төлеушілер тарапынан келесідей сұрақтар жиі қойылды:
  • Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері;
  • Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою;
  • Электрондық сауданың артықшылықтары және жекелеген қызмет түрлері;
  • Салық төлеушілер салық органдарына салықтық есептерді тандау бойынша ұсынуға құқылы ма.
Естеріңізге салсақ, әр аптаның бейсенбі күндері Астана қаласының барлық мемлекеттік кірістер органдарында тұрғылықты тіркеу мекенжайына қарамастан, салық төлеушілердің салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтарына кеңес алуға мүмкіндік беретін «Ашық есік күні» науақаны жүріп жатыр.
Кеңес алу үшін тұрғылықты жеріңізге жақын келесідей мекенжайларға баруға болады:
- Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Жұбанов көшесі, 16, каб.201-кабинет (конференц - зал);
- Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Республика даңғылы 52, 1 - қабат ҚӨО;
- Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы– Қабанбай батыр даңғылы 33 үй, каб. 206.