Жарияланған күні: 12.11.2018 11:45
Өзгертілген күні: 12.11.2018 11:47
2018 жылдың 08 қараша күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуын жария ету шеңберіндесалық заңнамаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға барысында 74 салық төлеушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Салық төлеушілер тарапынан келесідей сұрақтар жиі қойылды жеке кәсіпкерлік бойынша, көлік және мүлік салықтар бойынша мәліметтер берілді.
Естеріңізге салсақ, әр аптаның бейсенбі күндері Астана қаласының барлық мемлекеттік кірістер органдарында тұрғылықты тіркеу мекенжайына қарамастан, салық төлеушілердің салық және кеден заңнамасы бойыншасұрақтарына кеңес алуға мүмкіндік беретін «Ашық есік күні» науақаны жүріп жатыр.
Кеңес алу үшін тұрғылықты жеріңізге жақын келесідей мекенжайларға баруға болады:
- Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Жұбанов көшесі, 16, каб.201-кабинет (конференц - зал);
- Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Республика даңғылы 52, 1 - қабат ҚӨО;
- Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы– Қабанбай батыр даңғылы 33 үй, каб. 206.