Жарияланған күні: 12.11.2018 13:38
Өзгертілген күні: 12.11.2018 13:39
 Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардың 2018 жылға көлік құралдары бойынша салықтарын 2018 жылдың 31-желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистер»/«Калькулятор» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есебі» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге мүмкіндік қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз.