Жарияланған күні: 25.12.2018 12:02
Өзгертілген күні: 25.12.2018 12:04
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2018 жылға көлік құралдары бойынша салықтарын 2018 жылдың 31-желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистер»/«Калькулятор» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есебі» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге мүмкіндік қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз.