Жарияланған күні: 30.10.2019 16:35
Өзгертілген күні: 30.10.2019 16:37
Кедендік тексеру Еуразиялық экономикалық одағының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамаларын тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінде  (бұдан әрі-Кодекс)  қарастырылған, кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін, Кодексте белгіленген кедендік бақылау және шаралар нысанын қолданып тауарларды шығарғаннан кейін кеден органдары жүргізетін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
Қайта камералдық кедендік тексеруге қатысты жол беріледі:
1. Кодекстің 202-бабында көзделген, шартты түрде шығарылған тауарларға, атап айтқанда:
а. тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылған тауарлар;
б. Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақталған тауарлар  шығарылғаннан кейін расталуы мүмкін;
в. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары қолданылған тауарлар;
2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабында және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабында көзделген пайдалану және билік ету бойынша шектеулер қолданылатын тауарлар.
3.  Кодекстің 416-бабының 6-тармағында көзделген жүргізілетін камералдық кедендік тексерудің нысанасы, алдыңғы камералдық кедендік тексерулермен қамтылмаған жағдайларда.
Бір кеден органының бұрын кеден органы камералдық кедендік тексеру жүргізген тауарларды қайталап камералдық кедендік тексеруіне жол берілмейді, келесі негізден басқа:
- шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру
- жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзылу мүмкіндігі туралы куәландыратын өтініштері;
- камералдық кедендік тексеру жүргізу туралы тұлғаның бастамашылық өтініші
- кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барысында түспеген жауап алу жағдайлары;
- шетел тұлғасымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты, мәміле жасаған тұлғаны тексеру жүргізу туралы  Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын құзыретті мемлекеттік  органынның өтініші (сұрау салуы).