Жарияланған күні: 25.12.2023 15:00
Өзгертілген күні: 25.12.2023 15:01

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер және олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі шеңберінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыруға міндетті.



Бұл кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсiпкерлер мен олардың жұбайлары (зайыбы), оның iшiнде әрекетсіз салық төлеушiлер және өз қызметiн тоқтатқан тұлғалар үшiн активтердi декларациялау мiндеттемесi туындайды.



Бұл ретте, егер сіз болашақта кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарламасаңыз, қызметті тоқтату үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуді ұсынамыз.



Сіз «Электрондық қызметтер» мәзірінің «Сенімсіз төлеушілерді іздеу» бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсын пайдалана отырып, әрекетсіз тұлғалар тізімінде бар-жоғын тексеруге болады.