Жарияланған күні: 20.11.2019 16:42
Өзгертілген күні: 20.11.2019 16:44
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлерінің бірі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284, бұйрығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандартында регламенттелген.
Орындау бойынша міндет кедендік баждарды, салықтарды төлеу қамтамасыз етілетін жағдайларда: кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту; тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару; кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығару; кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру; тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану; Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылу, қолданылуын аяқтау және тоқтату.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен: ақшамен, банк кепілдігімен, кепілгерлікпен, мүлік кепілімен және сақтандыру шартымен қамтамасыз етіледі.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу белгіленген нысан бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын ресімдеу арқылы жүргізіледі.
Карточка Мемлекеттік кірістер органының кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алуы мақсатында ресімделеді және Мемлекеттік кірістер органы үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді, оның ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде қабылдауды растайтын құжат болып табылады.
Карточка екі данада ресімделеді: карточканың бірінші данасы оны тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесінде қалады; екінші дана карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей автоматтандырылған ақпараттық жүйеде кедендік операция жасалатын мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне беріледі және (немесе) жіберіледі.
Кедендік тасымалдаушы, кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда карточканың екінші данасы ол тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей осындай тұлғалардың тиісті тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органына беріледі және (немесе) автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жіберіледі.
Төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы өтініші Мемлекеттік кірістер органында тіркелген күннен кейінгі 10 күннен кешіктірмей төлеушіге мұндай бас тартудың себептерін көрсете отырып, карточканы тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын құжат кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған мемлекеттік кіріс органы тіркеген және берген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификаты болып табылады.
Сертификаттың нысаны және оны толтыру тәртібі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық шартында айқындалады.
Төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияны аяқтағаннан кейін кедендік операция жүргізілген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, бұл туралы ақпаратты Тарифтік реттеу басқармасына (бұдан әрі – ТРБ) жібереді.
Төлеуші кедендік операцияларды жасау кезінде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуын растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы карточканы ресімдеген мемлекеттік кіріс органына жазбаша нысанда жүгінеді.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын қайтару Кодекске сәйкес жүргізіледі.
Төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілген міндеттемелерді, оның ішінде белгіленген мерзімдерде орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде, осы кедендік операция жүргізілген немесе жүргізілуге тиіс мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі міндеттемені орындау мерзімі басталған немесе міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі анықталған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, растайтын құжаттарды ұсына отырып, бұл туралы ақпаратты ТРБ-на жібереді.
ТРБ төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілген міндеттемелерді, оның ішінде белгіленген мерзімдерде орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы ақпаратты алғаннан кейін төлеушінің өз міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты шаралар қабылдайды.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы тарифтік преференциялар мен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен тауарларды ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларын негізге ала отырып айқындалады.