Жарияланған күні: 24.09.2018 09:19
Өзгертілген күні: 01.10.2018 10:08
Кедендік құн -  сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан жүкпен өту кезінде кеден органының өкіліне ұсынатын тауар бағасы.
Шекара арқылы өткізілетін тауарға салықтар мен алымдар, оның кедендік құнын  есепке ала отырып есептелінеды. Құжаттарды рәсімдеу кезінде осы мән әртүрлі төлемдердің есептелуіне әсер етеді:баждар, акциздер, ҚҚС және т.б.  Кейбір теріс пиғылды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік құнды төмендету арқылы есептеу сомаларын азайтуға тырысады.
Кедендік құн тауар иесінің атынан  әрекет ететін декларантпен, кеден өкілімен анықталады.
Тауардың кедендік құнын анықтау кеден органдарының айқын бақылауында және тексеруінде,оны негізсіз өзіндік азайту ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Алайда, кеден органдары үшін бағалау объективті нарықтық құнын анықтауға және кедендік баж бен ҚҚС сомасын дұрыс есептеуге мүмкіндік беретін тәуелсіз компаниялармен жүргізілуі мүмкін.
Тауардың кедендік құны мен  оны анықтауға жататын мәліметтер сандық және құжатталған сенімді ақпаратқа негізделуі керек.Тауарлардың кедендік құнын анықтау процедурасы жалпы қолданбалы болуы қажет, яғни тауарларды жеткізу көздеріне байланысты өзгермеуі қажет.
Кеден құнының қалыптасуына әсер ететін:
  • Инвойсқа сәйкес өнімнің бағасы;
  • Шекараны өткенге дейінгі көлік және жүк тиеу-түсіру жұмыстарына шығын;
  • Буып-түю, орау, орау жұмыстарының бағасы;
  • Сақтандыру;
  • Роялти мен басқа шығындар.
Соңғы баға неғұрлым жоғары болса, есептелген алымдар мен төлемдердің сомасы соғұрлым көбірек. Импорттың құны неғұрлым төмен болса, соғұрлым өнімді сатуға сатуға болатын  бәсекеге қабілетті баға мен тиімді бизнес болады.  Сондықтан   импорттаушылар фактіге сай келмейтін инвойстарды  жиі ұсынады. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары тәуекел профилі іске қосылған кезде, сонымен қатар кедендік құнды бақылау кезінде  ұсынылған бағаларды кеден органдарының қолында бар бағалармен міндетті түрде салыстырады. Егер кедендік құнды төмендету анық болса және декларациядағы баға күмән тудырған жағдайда, лауазымды тұлғалар көрсетілген бағаны растайтын қосымша дәлелдемелерды сұратуға құқылы. Дәлелдемелер ұсынылмаған жағдайда кедендік құн өседі, оның жаңа құны кеден органдарының  деректер базасында ұсынылған ұқсас тауарлардың бағасымен анықталады.
Тауарлардың кедендік құнын төмендету мәселесі мемлекеттің экономикалық мүдделеріне елеулі қатер төндіреді. Әр түрлі кеден қызметтерінің практикалық тәжірибесін зерттеумен негізделген сарапшылардың бағалауы бойынша,  құндық  құқық бұзушылықтар бюджетке түсетін салықтық түсімдердің  50 % қысқыруына әкелуі мүмкін. Алайда мемлекеттің бюджеттік зардап шегуі осы экономикалық құқық бұзушылықтың жалғыз теріс салдары болып табылмайды.  Тауарлардың кедендік құнын бұрыс рәсімдеу әділ бәсекелестіктің нарықтық қағидасын бұза отырып, жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне зиянды әсер етеді. Төмендетілген бағамен тауарларды декларациялау нәтижесінде,  ішкі нарықта,  арзан импорттық тауарлар мен қымбат отандық өнімдер арасында дисбаланс туындайды.
Кедендік құнды төмендету фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік органдар тауарлардың импорты бойынша кеден статистикасының деректерін,  сол тауарларды экспорттаушы серіктес елдердің деректерімен салыстырудан тұратын «айна» статистикасы әдісін  қолданады. Бұл салыстыру  әр жеке тауар ағымын тауарды жіберуші мен тауарды алушы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді. Бағалау кезіндегі сәйкессіздіктер кедендік есеп пен бақылаудың бұзылғандығын  көрсетеді.
Бюджетке төленетін салықтардың толық төленуі, отандық тауар өндірушілерді қорғауға жәрдемдесу мақсатында және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу үшін,  сыртқы экономикалық мәмілелердің барлық қатысушыларына, соның ішінде уәкілетті экономикалық операторлар мен ірі импортерлерге кедендік құнды төмендету фактілерін болдырмауға кеңес береміз. 
Уәкілетті экономикалық операторлармен кедендік құнды төмендету фактілері анықталған жағдайда  УЭО реестрінен алып тастау шарасы қолданылады