Жарияланған күні: 30.10.2019 16:53
Өзгертілген күні: 30.10.2019 16:56
Берешек- шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық немесе басқа шаруашылық субьектілерімен немесе жеке тұлғалармен несиелік қатынастардағы жағдайын көрсететін критерийлердің бірі.
 Кедендік төлемдер мен салықтар (КТС) бойынша берешек кедендік тексеру нәтижелері бойынша және 2018 жылғы 01 сәуірдегі төлеушілердің дербес шоттарын КААЖ-2 ҚБҚ АЖ-дан ОСДШ АЖ-не аударғаннан  нәтижелер бойынша пайда болған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша теріс сальдо мен берешек сомаларының айырмашылығы негізінде қалыптастырылады.  
   Кеден органы осы тарауға сәйкес КТС бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
   КТС бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шараларға:
  КТС бойынша берешекті осы тарауда көзделген тәртіппен КТС артық төленген сомалары есебінен, аванстық төлемдердің сомалары есебінен, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу; КТС бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану; КТС бойынша берешек сомасына өсімпұлды есепке жазу; төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
       КТС бойынша берешекті мынадай тәртіппен: төлеушінің банктік шоттарындағы ақша есебінен., төлеушінің дебиторларының шоттарынан; төлеушінің билік етілуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жатады
        Дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен КТС  бойынша берешекті өндіріп алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
 Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан КТС бойынша берешекті өндіріп алу кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген шара жүзеге асырылады.
  Берешек өтелмеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес КТС бойынша берешек сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен сотқа жүгінеді.
   Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан берешекті өндіріп алуды атқарушылық іс жүргізу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
 КТС бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шаралар: КТС  бойынша берешекті өндіріп алу үшін осы Кодексте көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі өткен; кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау кедендік баждарды, салықтарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;  арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуге байланысты не осы Кодекстің көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған; КТС бойынша берешекті осындай берешектің, өсімпұлдардың, пайыздардың өндіріп алынуы мүмкін болмауына байланысты өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;  кедендік әкелу баждарына, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қатысты Комиссия айқындаған өзге де жағдайларда; кедендік әкелу баждарына, салықтарға қатысты осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда; қылмыстық құқық бұзұшылықтар туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған, өздеріне қатысты өздерін қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты, осындай тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты осы Кодекстің көрсетілген шешімдердің біреуі күшіне енетін күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастырған немесе оларды кедендік рәсімдердің бірімен орналастырған күнге дейінгі мерзім ішінде қабылданбайды.
   КТС бойынша берешекті өтеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі:  кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар сомасы; өсімпұлдар.
    КТС бойынша өндіріп алынуы мүмкін болмаған берешек сомалары, мынадай негіздердің бірі: ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарату; банкрот деп тану; жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялауы бойынша өндіріп алу үмітсіз деп танылады.
  Осы баптың 1-тармағында көрсетілген берешек сомалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептен шығарылуға жатады.
  КТС бойынша берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтемеген оларды төлеушiлердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
  Бұл ретте тізімдерде төлеушiнің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не төлеушінің атауы, төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеушiнің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және КТС бойынша берешектің жалпы сомасы көрсетіледі.
 Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушiлер тізімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей, тоқсан сайын жаңартылып отырады.