Жарияланған күні: 12.09.2018 18:43
Өзгертілген күні: 13.09.2018 09:29
Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімі:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылмаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
Шетелдік тауарларға қатысты – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі – кедендік транзит мерзімі) белгілейді.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар жеткізілуге тиіс орынды айқындайды.