Жарияланған күні: 25.08.2016 18:11
Өзгертілген күні: 25.08.2016 18:12

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 893 бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 894 быбы 4 бөліміне және 895 бабы 1 бөліміне сәйкес салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 12 бабы 32 тармағымен, салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы екені анықталған.

Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша айыппұлды өндіріп алу кезінде мемлекеттік кірістер органдарымен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.

Салық кодексінің  609б. сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:

 1) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 614б. сәйкес, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

2) дебиторлар шоттарынан;

3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.