Жарияланған күні: 31.05.2022 12:39
Өзгертілген күні: 31.05.2022 12:41

Көлік құралдары салығы бойынша жеке тұлғалардың салық берешегін өндіріп алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан органдармен жүргізіледі.

23-27  мамыр аралығында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары Әділет, Полиция департаменттерінің және Жеке сот орындаушыларының өкілдерімен бірлесіп 23 борышкер бойынша 3,8 млн.теңге сомасына берешекті өндіріп алуды қамтамасыз етті, екі көлік құралы ұсталып, мамандандырылған тұраққа жеткізілді.

Борышкерлердің көлік құралдарын жол қозғалысы ағынында анықтау үшін «Автоураган» және «EkinPatrolG2»  жүйелеріне көлік құралдарының тіркеу нөмірлік белгілері енгізілді.

Осылайша, осы жүйелерді пайдалана отырып, 1 млн.теңгеден астам берешек сомасы бар «Мерседес» авто көлігінің иесі ұсталды. Төлем толық көлемде жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.