Жарияланған күні: 22.12.2023 12:33
Өзгертілген күні: 22.12.2023 12:35

Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі шараларды:

-шешім қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;

-адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;

-мүдделер қақтығысының алдын алу;

-іскерлік этика стандарттарын қабылдау және сақтау;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;

-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.



Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әзірлеп, қабылдай алады.