Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 8 702 475 36 43 нөмірін «WhatsApp» мессенджер желісіне қосқанын хабарлайды.
Осы нөмірге бақылау-кассалық машиналар болмағанда және салық заңнамасы бойынша заң бұзушылықтар туралы мәлімет бере аласыздар.
Өтініштерді объективті түрде қарастыру үшін заң бұзушылық орын алған объектінің мекен-жайын және өтініш берушінің аты-жөнін нақты көрсетуді сұрайды.
Біз азаматтарды Қазақстан Республикасының Салық заңнамасының бұзуылуына немқұрайды қарамауға және шыдамдылық танытпауға шақырамыз.