Жарияланған күні: 16.05.2016 17:31
Өзгертілген күні: 16.05.2016 17:41

2016-жылдың 1-қаңтарынан бастап, Салық кодексінің 364 бабы 1-1 тармағына сәйкес, төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны 210.00 нысанмен (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.

Салық кодексінің 68-бабы 7-тармағына сәйкес, Салық салу объектілері болмаған кезде, Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында185270296364, 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.

Осылайша, 2016-жылдың 1-қаңтарынан бастап төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша)210.00 нысанмен ұсыну салық есебі нысанының міндетті түрі болып табылады және көрсеткіш жоқ болған жағдайда да тапсырылады.