Жарияланған күні: 27.11.2017 12:01
Өзгертілген күні: 27.11.2017 12:02

Қазіргі таңда, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнама Қазақстан Республикасының 2010-жылдан 2020-жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес сот ісін жүргізудің оңтайлы үлгісін құру мақсатында қайта қаралып жатыр.

Тұжырымдама қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның құқы мен бостандығын қорғауда негізге алынатын қағидаттардың әрі қарай жүйелі дамуына бағытталатын жаңа институттардың енгізілуін көздейді.

Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, нәтижесінде экономика саласындағы бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, келтірілген зиянды залалды толық өтеген жағдайда, қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы толықтырулар енгізілді және жалған кәсіпкерлік үшін жауапкершілік алынып тасталды, айыппұл мөлшері төмендетілді.

Құқық қорғау жүйесін жетілдірудің келесі кезеңіне қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін көтеру және жазалау шараларын азайтуға бағытталған қазіргі реформаны жатқызуға болады.

Қылмыстық істер бойынша жаңа іс жүргізу тәртібі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуде негізсіз айып пен соттаудан мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ құқықтық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқыққа деген құрметтті қалыптастыруға, қылмыстық процесте айыпталушы және қорғаушы тараптарының жарыспалық принципін дамытуға бағытталған.

Жүргізіліп жатқан реформа аясында азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында «қамау» түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға жол бермейтін негіздер тізбесін кеңейту ұсынылып отыр.

негіздері тізбесінде бұлтартпау шарасы кезінде дереу алумауды кеңейту ұсынылады. Бірінші кезекте, бұл кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмысқа қатысты болуы керек.

Қамауда ұстау (қамауға алу), ең қатал бұлтартпау шарасы ретінде тек айрықша жағдайда ғана, басқа бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін емес болғанда ғана қолданылуы тиіс. Бұл бұлтартпау шарасы жасалған қылмыстың қоғамға деген қауіптілігіне байланысты сәйкестігі маңызды фактор болуы тиіс. Кәсіпкерлік саласына қол сұғуға байланысты қылмыстар бойынша «қамауда ұстау» секілді бұлтартпау шарасын қолдану ойға қонымсыз.

Кәсіпкерлік қызмет объектісі саласындағы қылмыстар бойынша қол сұғушылықты қолдану, бұлтартпау шарасы кезінде «қамауда ұстау» орынсыз болып табылады.

Осындай шектеулер рейдерлік, жалған ақша жасау, контрабанда жасау, қылмыстық топтар/қоғамдастықтар ұйымдастыратын қылмыстарға, қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстарға ғана қойылмауы тиіс.