Жарияланған күні: 07.12.2023 10:40
Өзгертілген күні: 07.12.2023 10:42

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын өнімдерді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары» бекітілгенін хабарлайды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, тас көмір және астық», қолданылу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Пилоттық жоба кезеңінде өндірушілер, импорттаушылар,заңды тұлғаларға сату кезінде жер қойнауын пайдаланушылар, жеткізушілер Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген немесе әлеуметтік маңызы бар импорттық азық-түлік өнімдері, көмір және астыққа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өткізу кезінде Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына сәйкес электронды шот фактураларын жазып шығарады.

Электродық шот – фактуралар үш тәсілмен тапсырылады: esf.gov.kz порталында, салық төлеушілерді есепке алу жүйелері арқылы немесе ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында.

Қазіргі уақытта Комитет пилоттық жобаны 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту бойынша жұмыс жүргізуде.