Жарияланған күні: 27.11.2019 18:16
Өзгертілген күні: 27.11.2019 18:21
ҚР Президенті Қ. Тоқаев экстрадициялау, Мемлекеттік қызмет көрсету және кеден істеріндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы қол қойды:
  • "Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы" Заң;
  • Мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң;
  • ʺ1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.