Жарияланған күні: 12.04.2019 17:50
Өзгертілген күні: 15.04.2019 10:49
2019 жылдың 10 сәуірінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен Аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының «Е-қызмет» жүйесіне жауапты қызметкерлеріне «Е-қызмет» жүйесі бойынша жеке оқыту техникалық сабақтары жүргізілді.
Оқыту барысында жүйедегі негізгі ұғымдар, жеке іспен жұмыс жасау, тағайындау және жұмыстан босату туралы бұйрықтарды дайындау үрдістері түсіндірілді.
Департаментпен «Е-қызмет» жүйесіндегі белсенділікті арттыру мақсатында аталған шараларды ұдайы негізде өткізу жоспарлануда.
Жұмыс барысымен өткізілген кездесу тиісті хаттамаға қол қоюмен аяқталды.